27 қараша 2015 | 10:38

Астанада қалыңдық пен күйеу жігіттің соққысына жығылған әйел кешірім берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада қалыңдық пен күйеу жігіттің соққысына жығылған әйел кешірім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада қалыңдық пен күйеу жігіттің соққысына жығылған әйел кешірім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордадағы №2 Алматы аудандық соты "Астана Зеленстрой" ЖШС қызметкерін соққыға жыққан жас жұпқа қатысты істі тоқтатты.

Істі қараған судья ҚР ҚК 68-бабы бойынша айыпталушы жас жұпты жәбірленуші тараппен ымыраға келуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне прокурор Ерлан Қонаров айтып берді.

"Орта дәрежеде, адам өліміне әкелмеген қылмыстық іс жасаған адам жәбірленушімен ымыраға келген жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылады", - деді Қонаров.

Покурордың айтуынша, жас жұп кінәларын толықтай мойындады. Олар жәбірленуші әйелден кешірім сұрап, бір миллион теңге көлемінде моральдық және материалдық шығын өтеп беретін болып келісті.

Еске сала кетейік, биыл жазда Астанада үйлену тойындағы серуен кезінде қалыңдық пен күйеу жігіт саябақта бір әйелді соққыға жыққан болатын. Аудандық прокуратура мәліметінше, оқиға Бауыржан Момышұлы даңғылындағы саябақта болды. Осы уақытта сол жерде "Астана Зеленстрой" ЖШС қызметкерлері жұмыс істеп жатады. "Ішімдік ішіп алған күйеу жігіт бұзақылық әрекетке барды. (...) Ол жерде тұрған жәшіктерді тепкілеп, өзін тоқтатпақ болған жұмысшыларға былапыт сөз айтқан", - деді Алматы аудандық прокуратураның тергеу бөлімінің бастығы Әрсен Бегалин.

Прокуратура өкілінің айтуынша, мұны көріп тұрған қалыңдық жанжалға араласа бастаған. Айта кетейік, ол да ішімдік ішкен болып шықты. "Қалыңдық та жұмысшыларға былапыт сөз айтқан. Ол жұмысшылардың бірін ұрып жіберген. Салдарынан жұмысшы әйел құлап, оң аяғы жарақаттанады. Осыдан кейін екеуі де оқиға болған жерден қашып кетті", - деді Әрсен Бегалин.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer