28 қараша 2015 | 10:55

Қазақстандық тағы бір ауыратлет әлем чемпионатында сенсация жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандық тағы бір ауыратлет Александр Зайчиков жұма күні Хьюстондағы әлем чемпионатында 105 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алып, сенсация жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық тағы бір ауыратлет Александр Зайчиков жұма күні Хьюстондағы әлем чемпионатында 105 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алып, сенсация жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жұлқа көтеруге спортшымыз 191 келіні еңсерді, ал серпе көтеруде - 230 келі. Екі жаттығудың қорытындысында Зайчиков 421 келі салмақты жинап, бірінші орынға шықты. 


© Eurosport


Александр Зайчиков Хьюстондағы әлем чемпионатында. © Eurosport


Турнирге барған қазақстандық жанкүйерлер. © Eurosport

Айта кетейік, екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин осы салмақта өнер көрсетеді, ал дәл осы салмақ дәрежесінде оның жарысқа қатыспай, орнына барған Зайчиковтың жеңісі спорт шолушылары үшін күтпеген жағдай болды. Тікелей эфирде комментаторлар Зайчиковтың жеңісін "сенсация" деп атады.  

Александр Зайчиков 1992 жылы 17 тамызда Беларусьте дүниеге келген. Қызылордада спортпен шұғылдана бастайды. Арман Әбдреевтің, Вилория Пактың және Нұржан Смахановтың жетекшілігінде жаттығады. Зайчиков - жастар арасында 2008 жылы өткен Азия чемпионатының қолда жүлдегері, жастар арасында 2009 жылы өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның 2013 жылғы чемпионы. 2012 жылы Лондондағы Олимпиадаға қатысып, 12-орын алды.  

Қазіргі уақытта ол Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінде "Спорт және денсаулық сақтау" мамандығы бойынша білім алып жатыр. 

Ал осы күні жарысқа қатысқан, олимпиада чемпионы Светлана Подобедова медальға іліге алмады. Қазақстандық ауыратлет төртінші орынды місе тұтты.  

Екі жаттығудың қорытындысы бойынша 29 жастағы Подобедова 276 ұпай жинады. Дәл осындай салмақты ресейлік 21 жастағы Ольга Зубова да көтеріп, дене салмағы бойынша Подобедовадан жеңілірек болып шыққандықтан қола жүлдеге ілікті. 


Светлана Подобедова Хьюстондағы әлем чемпионатында. © Eurosport


© Eurosport

Ал 1-орынды қытайлық Кань Юэ жеңіп адды. Ол екі жаттығуда 282 ұпай жинады. Күміс медаль екі жаттығуда 280 келі көтерген  ҚХДР елінің спортшысы Лим Джон Симге бұйырды.  

Еске салайық, осыған дейін тағы бір қазақстандық Нижат Рахимов 77 келіге дейінгі категорияда сенсация жасаған еді, ол алтын медаль алды, ал Алмас Өтешов күміс жүлдегер атанды, Жасұлан Қыдырбаев болса осы салмақта қола жүлдені місе тұтты.  

Ал әйелдер арасында әзірше жалғыз медальді Жазира Жаппарқұл алды. Ол 69 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer