Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ауыратлет Жазира Жаппарқұл Хьюстондағы әлем чемпионатында күміс медаль алды

27 Қараша 2015, 09:54
0
© Аlmaty2014iwf.com
© Аlmaty2014iwf.com

Қазақстандық спортшы Жазира Жаппарқұл ауыр атлетикадан Хьюстонда өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен 21 жастағы спортшы қыз жұлқа көтеруде алғашқы жаттығуын 112 келіден бастады. Екіншісінде 116 келіге тапсырыс берген ол мұны да сәтті орындай алды. Дегенмен Жазира үшінші мүмкіндігінде 120 келіні бағындыра алмады. Серпе көтеруде 140 келіні алғашында игере алмаса да, екінші мүмкіндігінде бұл жаттығуды сәтті орындады. Осылайша Жазира екінші орын алды. Дәл осы салмақта өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық қыз Майя Манеза оныншы орыннан көрінді.

Ерлер арасында 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алмас Өтешов те күміс медаль иеленді. Ал Жасұлан Қыдырбаев қола медальді қанағат тұтты. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай