21 желтоқсан 2015 | 16:32

Бота Жұманова өзін соққыға жыққан адамнан 2,5 миллион теңге талап етті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Журналист әрі блогер Бота Жұманова бірнеше ай бұрын өзіне шабуыл жасаған адамнан моральдық шығын ретінде 2,5 миллион теңге талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Журналист әрі блогер Бота Жұманова бірнеше ай бұрын өзіне шабуыл жасаған адамнан моральдық шығын ретінде 2,5 миллион теңге талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот отырысында айыпталушының қорғаушысы айыптау бабын "Бұзақылыққа" ауыстыруға өтініш беретіні анықталды. Бұл жазаны жеңілдетуге әкеледі. Біз де өз тарапымыздан материалдық және моральдық шығын өндіріп алуға қылмыстық іс аясында өтінім бердік. Бұл емделуге 80 мың теңге және моральдық шығын ретінде 2,5 миллион теңге", - деді Бота Жұманова.

Сонымен қатар, Жұманова өзіне шабуыл жасаған адамды кешіруге ниетті емес екенін жеткізді. "Кешірім беруге келсек, мен Қазақстанның әрбір тұрғыны заң аясында өз құқығын қорғауға міндетті деп білемін. Мен басқа біреуге, әсіресе әйел адамға қоол көтерудің дұрыс емес екенін айтқым келеді", - деді ол.

Бүгін сот отырысында прокурор Өркен Мырзаханды ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі - "Тонау" және ҚР ҚК 24-бабының 3-тармағы - "Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу" бойынша айыпты деп танып, мүлкін тәркілеу арқылы бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады. Дегенмен сотталушының қорғаушысы бапты "Бұзақылыққа" ауыстыруды сұрады.

Айта кетейік, сотталушы бүгін, 21 желтоқсанда сағат 18.00-де соңғы сөзін айтады. Сот шешімі осы аптада шығарылады.

Еске сала кетейік, Алматыда журналист Ботагөз Жұмановаға жасалған шабуылдың видеосы жарияланған болатын. Оқиға 8 қазан күні кешке болған. Видеодан бір жігіттің журналист қыздың соңынан ілесіп келіп, бірер секундтан кейін оны соққыға жығып, ұрып, тепкінің астына алып, қашып кеткенін көруге болады. Кейін соққыға жығылған журналист Бота Жұманова өзінің жағдайы жайлы айтып берді. "Барлығыңа сәлем! Мен тірімін. Қазір емделіп жатырмын, бірақ басым әлі мазалайды. (...) Мен Майқұдықтанмын, біз мұндайдан жеңіле салмаймыз", - деді журналист. Алматы полициясы шабуыл жасаған адамды ұстады. Ол Жаркенттің тумасы, айтуынша Ботаның БАҚ-та жұмыс істейтінін ол жаңалықтардағы видеодан кейін білген.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer