Соққыға жығылған журналист Бота Жұманова өзінің жағдайы жайлы айтып берді

11 Қазан 2015, 23:02
0
Соққыға жығылған журналист Бота Жұманова өзінің жағдайы жайлы айтып берді - Бота Жұманова. © Facebook.com
Бота Жұманова. © Facebook.com

Соққыға жығылған журналист Бота Жұманова өзінің жағдайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісінде жазды.

"Барлығыңа сәлем! Мен тірімін. Қазір емделіп жатырмын, бірақ басым әлі мазалайды. (...) Мен Майқұдықтанмын, біз мұндайдан жеңіле салмаймыз", - деп жазды журналист. 

Сонымен қатар, ол қолдау білдіргендерге алғыс айтты. "Қазір барлық хатқа жауап бере алатын жағдайда емеспін, бірақ сіздердің уайымдап, қолдау білдіріп жатқандарыңызды сеземін", - деді Жұманова. Қазіргі уақытта ол болған оқиғаны тергеудің тез әрі жедел аяқталатынына үміттенеді. "Жаңалықты солардан күтейік!", - деді ол. 

Еске салайық, Алматыда журналист Ботагөз Жұмановаға жасалған шабуылдың видеосы жарияланған болатын. Оқиға 8 қазан күні кешке болған. Видеодан бір жігіттің журналист қыздың соңынан ілесіп келіп, бірер секундтан кейін оны соққыға жығып, ұрып, тепкінің астына алып, қашып кеткенін көруге болады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай