30 желтоқсан 2015 | 15:23

Алматыда трамвай қайта іске қосылуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© zaleskiy.com © zaleskiy.com

Алматыда трамвай қайта іске қосылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тұрғындармен ғаламтор-конференция өткізді. Шаһар басшысы Egov порталы арқылы онлайн режимде тікелей байланысқа шығып, тұрғындарды толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Байланыс таңғы сағат 9-да басталып, жұмыс күні аяқталғанша жалғасты. Әкім Мемлекет басшысының жуырда Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын да түсіндіріп өтті.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда трамвай қайта іске қосылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тұрғындармен ғаламтор-конференция өткізді. Шаһар басшысы Egov порталы арқылы онлайн режимде тікелей байланысқа шығып, тұрғындарды толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Байланыс таңғы сағат 9-да басталып, жұмыс күні аяқталғанша жалғасты. Әкім Мемлекет басшысының жуырда Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын да түсіндіріп өтті.

Сауал қойғандардың бірі былай деп мәтін қалдырған: "Алматыда трамвай депосын жөндеп, трамвайларды қайта шығарады деп еді. Осы мәселе болашақта қалай шешіледі?". Оған әкім "Трамвай жолдарының жағдайын ескеріп, жол апатын тудырмау үшін олардың жүрісін уақытша тоқтаттық. Қазіргі кезде трамвай жолдары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Болашақта ол қоғамдық көлікті қайта қолданысқа шығаруымыз мүмкін", - деген жауап жазды.  

Әкімге жолданған сауалдардың басым бөлігі жол қатынастары мен қоғамдық көліктер туралы. Тұрғындарды жолдарды ұзарту, қоғамдық көлікке арналған жолақтың ендігі тағдыры, жолайрықтар құрылысы, қалаға кіре беріс көшелердегі кептеліс және автобустардың бағыты алаңдатқан. Сондай-ақ жол жүру билеті де көпшіліктің көкейкесті мәселесіне айналған.

"Сауалым "Оңай" картасына байланысты. Бұл студенттерге тиімді емес. Себебі 2-3ауысыммен жүреміз. Тіпті алыс ауылдардан қатынап оқитындар бар. 40 теңгенің өзінде 500 теңдегедей кетеді күніне. 1 айда айлық ақысына қарағанда көбірек кетеді. Студенттерге сол айлық жүру билеті орнында қалсыншы?",- деп әкімге өтініш білдірді студенттер. Студенттердің сұрағына шахар басшысы келесідей жауап қайырды. "Қазіргі уақытта Жолаушылар көлігі басқармасы, "Алматы қаласының көлік холдингі" ЖШС және Қалалық тасымалдаушылар қауымдастығы бірлесе отырып ұзақ қолданыстағы электрондық билеттердің әртүрлі нұсқаларын ендіру мәселесін қарастыруда. Аталған билеттерді енгізу үшін жолаушылардың саны, транзакциялар есебін талдай отырып тиісті есептеулер арқылы шығарылатын болады". 

Онлайн сұрақтар тұрғындардың әлеуметтік мәселелерге көп алаңдайтынын көрсетті. Мәселен, шағын азық-түлік дүкендерінде алкогольді сусындардың сатылуы қалалықтардың қытығына тиіпті. "Тұрғын үйлердің ауласындағы дүкендердің мәселесін май шаммен қарауды сұраймыз. Олар түбіртек қағазын бермейді. Оған қоса, ішімдіктерді күндіз-түні сатады. Соның кесірінен ауладағы балалар ойнайтын жердің барлығы бос бөтелкеге толған". Бұған "Бұл сұрақ қатаң бақылауға алынады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тәртіп сақшыларымен бірге дүкендерге тексеріс жасап, арнайы рейд шараларын ұйымдастырамыз", - деген жауап берілді. 

Алматылықтар үшін интернет-конференциясы шектеусіз жұмыс істеді. Тұрғындар ескі үйлерді сүру, аулаларды көріктендіру және қоғамдық орындарда пандустарды көбейту мәселесіне қатысты сауалдарын да жолдады. Электрондық үкімет порталына бас-аяғы 119 сауал қойылған. Айта кету керек, Алматы жолданған сұрақтар мен жауаптар саны бойынша өзге өңірлер арасында көш бастады.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда трамвайлардың қатысуымен бірнеше ірі жол-көлік оқиғасы болғаннан кейін көліктің бұл түрі шаөарда мүлдем тоқтап қалған болатын. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer