Алматыда трамвай депосының жұмысы тоқтатылады

30 Қазан 2015, 12:21
0
Алматыда трамвай депосының жұмысы тоқтатылады - © idrive.kz
© idrive.kz

Алматыда трамвай депосының жұмысы тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктегілердің айтуынша, Бауыржан Байбек трамвай депосына барып, басшылыққа жұмысты қалыпқа келтіруді, сонымен қатар, ол трамвайларды мұндай түрде пайдалануға болмайтынын мәлімдеп, қызметті тоқтатуды тапсырды.

Сонымен қатар, әкімдіктегілер жыл басынан бері трамвайлардың 43 рет рельстен шығып кеткендерін айтты. Айта кетейік, трамвай депосының жұмысы толықтай қаралып, 90 адам оқудан өтеді және жұмысқа тәжірибесі бар адамдар ғана алынады.

Сонымен бірге, трамвай-кафе жұмысының да тоқтауы мүмкін және жолдар қалыпқа келтірілгеннен кейін тарихи деп аталған трамвай жолға шығады.


© Иван Глущенко 

Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Алматыда трамвайдың қатысуымен ірі жол апаты болды. Сонымен қатар, оқиғадан кейін бірнеше апта өткенде тағы бір жол апаты тіркелді, ол да трамвайдың қатысуымен болған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай