Қарағанды облысында жоғалып кеткен 9 жастағы Владислав Шеллерді іздеу жұмысына бір ротаға жуық сарбаз жұмылдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысында жоғалып кеткен 9 жастағы Владислав Шеллерді іздеу жұмысына бір ротаға жуық сарбаз жұмылдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Баланың туыстарының айтуынша, қазіргі кезде оны іздеу жұмыстарына 70 сарбаз жұмылдырылған. "Олар жүк көлігімен даланы қарап шықты, бірақ еш нәтижесіз. Владикті іздеуге еріктілер де өз үлесін қосып жатыр. Олар бала табылады деген үмітпен қаланың сауда орындарында кезектесіп кезекшілік атқарды. Владиктің ата-анасы оған арнап үндеухат дайындады", - деді тәтесі Екатерина Кульмаметова.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысы Теміртау қаласында 9 жастағы Владислав Шеллер жоғалып кетті. Баланың туыстарының айтуынша, ол 29 желтоқсан күні сағат 14.30-да әжесіне кетіп, діттеген жеріне жете алмаған. Баланы соңғы рет Теміртаудағы "Комсомолец" кинотеатрының маңынан көргендер бар. Баланың үстінде сұр түсті күрте, қара шалбар, басында жасыл әріптері бар қара түсті құлақшын бар. Баланың қайда екенін білетіндер болса, мына номерлерге қоңырау шалу сұралады: 87023486819, 87759067761 немесе 112.