Қазақстанның ғарыштан түсірілген суреттері жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ғарыштан түсірілген суреттері жарияланды © KazakhEmbassy/Twitter.com

Америкалық ғарышкер Скот Келлидің Қазақстанды ғарыштан түсірген суреттері АҚШ-тағы ҚР елшілігінің Twitter  желісіндегі парақшасында жарияланды. Суреттен Қазақстанның таулары мен Астананың ғарыштан түсірілген бейнесін көруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Twitter-дегі парақшасында Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген екі видеоны жариялаған болатын. Алғашқы видеодан Батыс Азиядағы құмды дауылды көруге болады. Табиғи құбылыс екі ракурстан түсірілген. Видеодағы 9 қыркүйекте Ливан мен Сириядағы болған дауыл болуы мүмкін. Айта кетейік, дауыл екі адамның өмірін қиған болатын. Сонымен қатар, Айымбетов ХҒС-ның Жермен салыстырғанда үлкен жылдамдықпен ұшып бара жатқаны бейнеленген қысқа роликті де жүктеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 499.49  course up  580.27  course up  6.41  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети