16 ақпан 2016 | 16:56

ОҚО-да баға саудалаған мұғалім жұмыс істеген колледждің басшылығы түгелдей жұмыстан кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© YouTube кадрлары © YouTube кадрлары

ОҚО-да баға саудалаған мұғалім жұмыс істеген колледждің басшылығы түгелдей жұмыстан кетті, - деп хабарлайды Tenrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Шоқпаровқа сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ОҚО-да баға саудалаған мұғалім жұмыс істеген колледждің басшылығы түгелдей жұмыстан кетті, - деп хабарлайды Tenrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Шоқпаровқа сілтеме жасап.

Айта кетейік, Түлкібас ауданындағы агробизнес және туризм колледжінде математика пәнінің мұғалімі емтихан бағасын ашықтан-ашық саудалап отырған жерінен видеоға түсіріліп, басы дауға қалған болатын. Бұдан кейін оның жұмыстан кеткендігі хабарланды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында оның колледж оқытушысы Нұржамал Жанбосынова ҚР "Еңбек кодексінің" 52-бабы 1-тармағы, 14-тармақшасына сәйкес жұмыстан босатылғаны айтылған еді. Кейін кәсіптік оқыту бөлімінің меңгерушісі Ж. Қилыбаева және бөлім меңгерушісі Т. Бектұров лауазымдық қызметінен босатылған. 

"Еңбек демалысынан шыққан колледж директоры С.Мыңбай Еңбек кодексінің 49-бабы, 5-тармағына сәйкес өз өтініші бойынша жұмысынан босатылды. Сонымен қатар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Дәулетов 52-бап, 1-тармақ, 16-тармақшасы бойынша 15 ақпан күні жұмысынан босатылды", - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Шоқпаров.

Еске салайық, колледж мұғалімінің емтихан бағасын саудалап отырған сәтінде видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Емтихан бағасын Түлкібас ауданындағы агробизнес және туризм колледжінде математика пәнінің мұғалімі саудалаған. Әйелдің бұл әрекеті видеоға түсірілген, кейін әлеуметтік желіге салынған. Педагог видеода емтихан бағасының 2000 теңге екенін, ал тоқсандық бағаның 1500 теңге екенін айтады. Ал шәкіртақы түскенше қарызға қойып беруін сұраған студенттерге мұғалім қарсы шығады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer