13 ақпан 2016 09:21

ОҚО-да колледж мұғалімі емтихан бағасын саудалап отырған сәтінде видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары © Korrespondent.kz Видео кадрлары © Korrespondent.kz

ОҚО-да колледж мұғалімі емтихан бағасын саудалап отырған сәтінде видеоға түсіп қалды. Ол қазіргі уақытта жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқу орнының директорының міндетін уақытша атқарушы Бақыт Дәулетовке сілтеме жасап.


ОҚО-да колледж мұғалімі емтихан бағасын саудалап отырған сәтінде видеоға түсіп қалды. Ол қазіргі уақытта жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқу орнының директорының міндетін уақытша атқарушы Бақыт Дәулетовке сілтеме жасап.

Емтихан бағасын Түлкібас ауданындағы агробизнес және туризм колледжінде математика пәнінің мұғалімі саудалаған. Әйелдің бұл әрекеті видеоға түсірілген, кейін әлеуметтік желіге салынған. Педагог видеода емтихан бағасының 2000 теңге екенін, ал тоқсандық бағаның 1500 теңге екенін айтады. Ал шәкіртақы түскенше қарызға қойып беруін сұраған студенттерге мұғалім қарсы шығады. 

Колледждегілер болса, бұл оқиғадан кейін мұғалім түсініктеме жазған және ол жұмыстан қуылған. "Түсініктемесінде мұғалім өзін жайсыз сезініп, не айтып, не қойғанын білмейтінін мәлімдеді. Интернетте өзін көрген әйел ұялып, бұл іспен енді айналыспайтынын айтты", - деді Дәулетов.  

Оның айтуынша, мұғалімнің түсініктемесіне қарамастан, мұғалімді Еңбек кодексіндегі бап бойынша жұмыстан шығарған. Айта кетейік, 51 жастағы мұғалім бұл колледжде 2013 жылдан бері жұмыс істеп, оның үстінен ешқандай да арыз-шағым келіп түспеген. Ал оның жалпы еңбек өтілі 27 жыл екен. Колледжде облыстық білім бөлімінің комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Ал мұғалімін видеоға түсірген студенттер емтиханды қайта тапсыруы мүмкін, себебі олардың барлығы емтиханнан сәтті өткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети