Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкиннің америкалық боксшы Доминик Уэйдпен көз арбасқаны хабарланған болатын. Головкин-Уэйд кездесуі 23 сәуірде "Форум" аренасында өтеді. Қазақстандық спортшы бұл жолы WBA титулын 16-шы рет, IBO атағын 13-шы рет, WBC (Interim) белбеуін төртінші рет және алғаш рет IBF титулын қорғайды. Головкин кәсіпқой бокста 34 жекпе-жек өткізіп, оның 31-ін уақытынан бұрын аяқтады. Ал Уэйдтің қоржынында 18 жеңіс бар. Ол 12 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.
WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин жайлы проморолик жарияланды.