Астанадағы "Думан" океанариумы сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы "Думан" океанариумы сатылды "Думан" ойын-сауық орталығы. © Тұрар Қазанғапов

Астанадағы "Думан" ойын-сауық орталығы электронды саудада сатылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Электронды тендердің аяқталғаны туралы мәлімет gosreestr.kz сайтында жарияланды.


"Думан" 3 миллиард 403 миллион 500 мың теңгеге сатылды. Сауда бүгін, 12 сәуірде аяқталды. Барлығы 2 өтініш келіп түсті.

Жарнамада сауда түрі электронды тендер деп көрсетілген. Орталықтың бастапқы бағасы 3 миллиард 403 миллион 306 мың 144 теңгеден басталды.

Саудаға қатысушылар үшін кепіл жарнасы - 63 миллион 360 мың теңге.

Электронды сауда алаңында жарияланған ақпаратта тендер шарттары көрсетілген: Нысанның қызмет профилін, оның ішінде кемінде он жылға дейін балаларға және ересектерге арналған ойын-сауық қызметін көрсетуді сақтау.

Тендер шарттарында нысанды қайта ұйымдастыру қажеттілігі де көрсетіледі.

Айта кетейңк "Думан" 2003 жылдың мамырынан бастап жұмыс істейді. Ойын-сауық орталығында океанариум, "Джунгли" аниматроникстер театры, экзотариум-хайуанаттар бағы, 5D - кинотеатр мен кәдесыйлар дүкені орналасқан.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +32
Ақтау +35
Ақтөбе +29
Атырау +30
Б
Балқаш +37
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +42
Қызылорда +29
П
Павлодар +28
Петропавл +30
С
Семей +31
Т
Талдықорған +32
Тараз +41
Түркістан +30
О
Орал +28
Ө
Өскемен +36
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер