Алматы облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.
Оқиға 25 сәуірде Алматы-Өскемен автожолының 465-ші шақырымында болған. Шамамен 14.50-де Лепсі өзеніндегі көпірде Setra маркалы автобуста қысқа тұйықталу болып, салдарынан өрт шыққан.
Салонда 25 жолаушы, екі жүргізуші және автобустың қожайыны болған. "Алматыға қарай бағыт алған автобус толықтай өртеніп кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Адамдар қауіпсіз жерге жеткізілді. Материалдық шығын көлемі анықталу үстінде", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Алматы
қазақ тілінде жаңалықтар
соңғы жаңалықтар
Жолдар
Жол-көлік оқиғасы
Автокөліктер
Көлік саласы
Өрт
Төтенше жағдай
Қайғылы оқиға
Шығыс Қазақстан облысы