Қосымша 2 миллионға жуық ауыл тұрғынын интернетпен қамтамасыз ету жоспарланды - Абаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қосымша 2 миллионға жуық ауыл тұрғынын интернетпен қамтамасыз ету жоспарланды - Абаев Дәурен Абаев

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев министрліктің кең ауқымды интернет желісімен қосымша 2 миллионға жуық ауыл тұрғынын интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы министр бүгін Астана экономикалық форумы аясында министрлік пен Дүниежүзілік банктің бірлесіп ұйымдастырған Building a Digital Future дөңгелек үстел мәжілісінде баяндады. 


"Мен Қазақстанның сандық қоғам құру жолындағы жетістіктері туралы айтып бердім. Сонымен қатар ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2020 жылға дейінгі жоспарын ортаға салдым", - деп жазды Абаев Facebook желісіндегі ресми парақшасында. Оның айтуынша, мына жоспарлар қолға алынған: 

- кең ауқымды интернет желісімен қосымша 2 миллионға жуық ауыл тұрғынын қамтамасыз ету;
- сандық сауаттылық деңгейін 85 пайызға дейін, ал электрондық қызметтерді пайдаланатын азаматтар үлесін 70 пайызға дейін ұлғайту;
- сандық эфирлік хабар тарату желісімен халықтың 95 пайызын қамту;
- ақпараттандыру саласындағы мемлекеттің күрделі шығыстарын азайтып, жобаларды жеке инвестициялар есебінен жүзеге асыруға өту;
- электрондық үкімет сервистерінің кемінде 80 пайызын "бұлтты" инфрақұрылымға көшіру.

"Сандық әлем өте жылдам өзгеріп жатыр. Бұл өзгерістерден шет қалу - жаһандық экономика көшінен ұзақ жылдарға қалып қоюмен бірдей", - деді министр.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +26
Ақтау +33
Ақтөбе +31
Атырау +32
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +25
П
Павлодар +28
Петропавл +24
С
Семей +27
Т
Талдықорған +32
Тараз +35
Түркістан +29
О
Орал +21
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер