Қасымов Ақтөбедегі атыс жөнінде: 12 қылмыскердің көзі жойылды, 6-7 адам іздеуде жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасымов Ақтөбедегі атыс жөнінде: 12 қылмыскердің көзі жойылды, 6-7 адам іздеуде жүр

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов көзі жойылған лаңкестердің санын нақтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қасымов тілшілерге берген сұхбатында ІІМ-де шабуыл жасағандар туралы толық ақпараттың бар екенін айтты. "Біз барлығының аты-жөнін білеміз. (...) Барлық орыннан - автобустан, Ұлттық ұланнан, олар қарсылық танытқан жерлердің барлығынан 11 қару-жарақ таптық. Жедел топ жұмыс істеп жатыр", - деді ол.

Сонымен қатар, министр қаза тапқан бейбіт азаматтар жөнінде де айта кетті. "Бірінші қаза тапқан - қару сататын дүкеннің сатушысы мен күзет қызметінің өкілі. Екінші дүкенде бір келуші қаза тапты. Нәтижесінде, үз азамат қаза тауып, екеуі жарақат алды. Қызметкерлерден: үш қызметкер жарақат алды. Әскерилерге келсек, үш адам қаза тапты: бір офицер, бір әскери мен жедел қызмет өкілі. Әскери бөлімнің территориясында болған алты әскери түрлі жарақат алды", - деді ішкі істер министрі.

Еске салайық, кеше, 5 маусымда Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды. Осыдан кейін қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Айта кетейік, қауіптің шекті, яғни қызық деңгейі жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.

Жалпы қаза тапқандардың саны - 17. ҚР ІІМ мәліметінше, олардың ішінде 11-і лаңкес, екеуі әскери, біреуі "Паллада" дүкенінің сатушысы, біреуі "Жедел күзет" қызметкері және тағы біреуі дүкеннің келушісі.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +32
Астана +29
Ақтау +34
Ақтөбе +34
Атырау +33
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +35
Қ
Қостанай +41
Қызылорда +26
П
Павлодар +30
Петропавл +25
С
Семей +34
Т
Талдықорған +33
Тараз +40
Түркістан +29
О
Орал +26
Ө
Өскемен +38
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер