Алматы облысында екі жасар бала сайда түнеп шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында екі жасар бала сайда түнеп шыққан © ҚР ІІМ ТЖД "Республикалық жедел-құтқару жасағы"

Алматы облысында "Республикалық жедел-құтқару жасағының" қызметкерлері жоғалып кеткен екі жасар баланы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.


Құтқарушылардың мәліметінше, 14 маусымға қараған түні Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында №1 кордонында жұмысшының 2014 жылғы баласының жоғалғаны жайлы мәлімет пайда болады. Туыстары баланы іздеп, таппайды.

"Түнгі бірде 8 адамнан тұратын тобымыз оқиға орнына жөнелтілді. Бала жоғалған орыннан оны табу мүмкін болмады. Таңғы бесте 15 адам оқиға орнына аттанды. Бастапқыда баланың аяқ киімі табылды, ата-анасы аяқ киімнің баланыкі екенін растады. Таңғы 10.00-де үйден 300 метр жерде сәбиді сайдан таптық. Дәрігер сәбидің жағдайын қарады, оның денесінде жеңіл жарақаттар болған", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖД "Республикалық жедел-құтқару жасағы" өкілдері.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +21
Ақтау +27
Ақтөбе +26
Атырау +25
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +19
П
Павлодар +19
Петропавл +19
С
Семей +27
Т
Талдықорған +27
Тараз +31
Түркістан +22
О
Орал +17
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер