Астана әуежайына қонып жатқан әскери ұшақтың қос дөңгелегі жұлынып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайына қонып жатқан әскери ұшақтың қос дөңгелегі жұлынып кетті © Tupolv.ru

Астана әуежайына қонбақшы болған әскери ұшақтың екі дөңгелегі жұлынып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайын Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Жанар Колбачаева айтып берді.


"Бүгін сағат 13.37-де Астана әуежайына қонып жатқан Ту-134 ұшағының шассидің сол жағында орналасқан екі дөңгелегі жұлынып кетті. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Мұны авиациялық оқиға деп айтуға болады", - деді Колбачаева.

Оның айтуынша, ұшақ Алматы-Астана бағытында ұшқан.

"Болжам бойынша, оқиға ұшу-қону жолағында жатқан заттан болған. Дөңгелектер жаңа. Ұшақтар штатты режимде қонып жатыр. Ұшақ әуелі қонған, содан кейін ғана дөңгелектері шығып кетті. Ұшқыштың қателігі емес", - деді ол.

"Осыған байланысты сағат 14.00-14.40 арасында Астана әуежайы жұмыс істеген жоқ. 14.40-тан бастап әуежай жұмысын штатты режимде жалғастырып жатыр", - деді Астана әуежайының өкілдері.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +19
Ақтау +25
Ақтөбе +25
Атырау +25
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +18
П
Павлодар +18
Петропавл +17
С
Семей +24
Т
Талдықорған +22
Тараз +27
Түркістан +20
О
Орал +15
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер