Назарбаев: Қазақстанда әйел президент болуы әбден мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Қазақстанда әйел президент болуы әбден мүмкін © РИА Новости

Петербургте өтіп жатқан 20-шы Халықаралық экономикалық форумында Нұрсұлтан Назарбаевқа "болашақта Қазақстанды әйел адам басқара ала ма?" деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кездесудің модераторы, CNN жүргізушісі Фарид Закария АҚШ-тағы алдағы сайлауды айта отырып, Қазақстан Президентіне сұрақ қойды.  

"Америка АҚШ-ты әйел президент басқаратын жағдайға дайын ба? Мен сіздің премьер-министрдің орынбасары қызметіне әйел адамды қойғаныңызға назар аударып отырмын. Қазақстанды әйел президент басқаруы мүмкін деп ойлайсыз ба?", - деп сұрады кездесу модераторы Нұрсұлтан Назарбаевтан.

"Қазақстанда әйел адам президент бола алмайды деп кім айтты? Әбден мүмкін. Қазақстанда халықтың 51 пайызы - әйелдер. Гендерлік саясат қалыпты дамып жатыр. Парламенттегілердің 30 пайызы - әйелдер. Үкімет құрамында бірнеше әйел бар. Сондықтан әбден мүмкін, соған дайындалған әйелдер де бар. Үш қызым бар, сондықтан мен әйелдерге ерекше көзқарастағы адаммын", - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +19
Ақтау +25
Ақтөбе +25
Атырау +25
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +18
П
Павлодар +18
Петропавл +17
С
Семей +24
Т
Талдықорған +22
Тараз +27
Түркістан +20
О
Орал +15
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер