Елімізде 30 мыңнан аса бала "ВКонтакте" желісіндегі порнотоптарға жазылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде 30 мыңнан аса бала "ВКонтакте" желісіндегі порнотоптарға жазылған © novostivmire.com

Елімізде 30 мыңнан аса бала "ВКонтакте" желісіндегі порнотоптарға жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шымкенттің Қаратау аудандық прокуратурасының өкілдері "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне жүргізілген бақылаудан порнографиялық материалдары бар 63 топты анықтаған. 

"Бұл топтарға 8 200 000 адам жазылған. Олардың 31 247-сі қазақстандық кәмелет жасына толмағандар және 2 054-і шымкенттік балалар", - делінген ОҚО прокуратурасының сайтында.

Мәселен, "СЕКС" деп аталатын қоғамдастықта 700 000 адам бар екен, олардың 3 700-і қазақстандық балалар, Шымкенттен - 229 бала.

"Кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналары олардың Интернетте қандай әлеуметтік желілерде отыратынын, кімдермен сөйлесетінін күн сайын бақылап отыруы тиіс. Ата-аналардың бақылауы маңызды, себебі балаларының мұндай Интернет парақшаларында отыруы қауіп туғызуы мүмкін", - деп кеңес беріп отыр прокуратурадағылар.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +18
Ақтау +24
Ақтөбе +23
Атырау +26
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +13
П
Павлодар +16
Петропавл +15
С
Семей +19
Т
Талдықорған +22
Тараз +25
Түркістан +20
О
Орал +14
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер