Әйгілі түрік футболшысы Хакан Шүкір мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйгілі түрік футболшысы Хакан Шүкір мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген күдікке ілінді Хакан Шүкір © REUTERS

Түркияның құқық қорғау органдары Түркия құрамасының бұрынғы футболшыларының бірі Хакан Шүкірді қамау туралы бұйрық берді, - деп хабарлайды BBC News. Сонымен қатар, оның екі үйінде де тексерістердің жүргізілгені айтылады.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның құқық қорғау органдары Түркия құрамасының бұрынғы футболшыларының бірі Хакан Шүкірді қамау туралы бұйрық берді, - деп хабарлайды BBC News. Сонымен қатар, оның екі үйінде де тексерістердің жүргізілгені айтылады.  

Құқық қорғау органдары Хакан Шүкірге қаруланған террористік ұйымға қатысты деген айыпты тақпақшы. Сондай-ақ, бұрынғы футболшы спорт мансабын аяқтаған соң парламент депутаты болғаны айтылып отыр. Айта кетейік, футболшы Хакан Шүкір осыдан бірнеше ай бұрын АҚШ-қа көшіп кеткен екен.

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарналар хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети