16 шілде 2016 05:43

Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анкарада әлеуметтік желілер құлыпқа түсірілді Анкарада әлеуметтік желілер құлыпқа түсірілді

15 шілдеде Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым елде әскери төңкеріліс әрекеті болғаны туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.  


15 шілдеде Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым елде әскери төңкеріліс әрекеті болғаны туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.  

"Әскери адамдар тобы өздеріне берілген құзірет мен қаруды пайдалана отырып, құқыққа қайшы әрекет жасамақ болды... Мұны төңкеріліс деп айту дұрыс емес шығар, бірақ қандай жағдай болса да, біздің азаматтарымыз тыныштықта өмір сүруі керек, біз бейбітшілік пен тәртіпті сақтау үшін қолдан келгенді жасаймыз. Кінәлі адамдар ең қатал жаза алады", - деп мәлімдеді түрік үкіметінің басшысы NTV телеарнасының эфирінде телефон арқылы.

Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарналар хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды.

Сонымен қатар Түркия астанасында әскери тікұшақтың ұлттық барлау қызметінің ғимаратының маңында оқ атқаны хабарланып отыр. Әскерилер Босфор арқылы көпірлерді қоршауға алды. Куәгерлер Желіге суреттер мен видеоларды жариялап жатыр. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети