ОҚО-да халықаралық "Хан Қорық" жастар фестивалі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да халықаралық "Хан Қорық" жастар фестивалі өтті

Тарихи мекендерді болашақ жастарға таныту барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы ұйымдастыруымен "Хан Қорық" жастар фестивалі өтті, - деп жазады Massaget.kz тілшісі.


Айта кетейік, бұл фестивальге жоғарғы оқу орындарының студенттері еліміздің әр аймағынан келіпті. Олар Оңтүстік Қазақстан облысындағы ескі мекендерді аралап, ата-бабаларымыздың кесенелері мен тарихи жәдігерлерімен танысып жатыр. Сондай-ақ, қатысушылар алты ай бойы Шыңғыс хан әскеріне дес бермеген Отырар қаласының қазіргі бейнесін тамашалап, Сауран қаласының құламай келе жатқан қабырғаларына таңғалғандарын жасырмады.

Жетпіске жуық адам қатысқан бұл фестивальдің басты мақсаты - батысқа еліктеген жастардың бойына шығыс мәдениеті мен өркениеті де сан ғасырдан бері дамығанын көрсетіп, ел тарихына деген қызығушылықты ояту.

Осымен екінші рет ұйымдастырылған фестиваль алдын-ала жоспарлаған мекендерін толықтай аралады. Қатысушылар "Домалақ ана", "Арыстан баб", "Ақ мешіт" үңгірі мен "Сайрам Өгем" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болып қайтқан екен. Фотобаянды мына жерден көре аласыздар. 


© Massaget.kz

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +16
Ақтау +21
Ақтөбе +22
Атырау +24
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +19
П
Павлодар +21
Петропавл +16
С
Семей +18
Т
Талдықорған +21
Тараз +30
Түркістан +19
О
Орал +12
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +20

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер