23 қыркүйек 2016 | 13:24

256 қазақстандық екі жылда радикал ағымдардан шығарылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© vk.com © vk.com

2 жыл ішінде "Ақ ниет" оңалту орталығы 256 қазақстандыққа радикалды ағымдардан шығуға көмектесті, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек "Жастар арасындағы діни экстремизмді алдын алу бойынша әйелдер ұйымдарының рөлі" атты конференция барысында.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2 жыл ішінде "Ақ ниет" оңалту орталығы 256 қазақстандыққа радикалды ағымдардан шығуға көмектесті, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек "Жастар арасындағы діни экстремизмді алдын алу бойынша әйелдер ұйымдарының рөлі" атты конференция барысында.

"Мемлекеттік әлеуеттік тапсырыс аясында 2014 жылдан бастап "Ақ ниет" оңалту орталығы жұмыс жасап келеді. Орталық қызметкерлері радикалды діни ағымдар идеясынан зардап шеккен әйелдер арасында оңалту жұмыстарын жүргізеді. "Ақ ниет" оңалту орталығы құрылғалы бері радикалды идеядан 256 адам бас тартты, оның ішінде әйелдер де бар", - деді Ғабит Абзалбек.

Оның айтуынша, Қазақстанда Дін істері жөніндегі комитет жанындағы дін мәселелері бойынша  республикалық ақпараттық-насихаттау тобы және  дін мәселелері бойынша 304 жергілікті ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейді.

"Біз халықтың мақсатты топтары бойынша жұмыс  істеуге  бет алдық. Сонымен қатар, әйелдер қоғамы мен жастар арасында жұмыс істейміз. Бұл қарым-қатынас тұрғысынан әйелдер ұйымдарын да тартудамыз. Әйелдер ұйымдары экстремизмнің алдын алу жұмысында,  рухани-адамгершілік тәрбиеде маңызды рөл атқарады. Әйелдердің қоғамдағы рөлін төмендетуге болмайды", - деді Ғабит Абзалбек.

Еске салайық, осыған дейін ҚР ҰҚК Қазақстанда жыл басынан бері 57 радикалдың сотталғанын хабарлаған болатын. Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылдың басынан бастап ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстанда лаңкестік және діни-экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 57 радикалды соттаған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.81  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer