29 қыркүйек 2016 | 16:24

Ұлттық валюта бағамы 334 теңгеге дейін нығая түсті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

KASE күндізгі сауданың қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы 334,89 теңгеге дейін нығая түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таңғы сауданың қорытыныдысы 335,09 теңгемен аяқталған еді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

KASE күндізгі сауданың қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы 334,89 теңгеге дейін нығая түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таңғы сауданың қорытыныдысы 335,09 теңгемен аяқталған еді.

29 қыркүйектегі бірінші келісімдер 335,05 теңгемен басталды. Максималды баға 335,4-ті құрады. Минималдық баға 334,71 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 77,05 миллион долларды құрады. Kurs.kz мәліметі бойынша доллар бағамы 334-336 теңгені құраған. Brent маркалы мұнай бағасы Астана уақытымен 15.41-де барреліне 48,4 доллар болды.

Осыған дейін, таяуда ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев валюта нарығындағы ахуал қалыпқа келді деген болатын. "Теңгенің басқа валюталарға қатысты айырбастау бағамының өзгеруі сыртқы ортаның өзгеруіне жедел ден қоюға мүмкіндік береді, бұл белгіленген бағам кезінде орын алған теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды", - деді Ұлттық Банк басшысы. Сонымен қатар, Данияр Ақышев айырбастау бағамының еркін өзгеруі отандық
өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдауды қамтамасыз ететіні және тауарлардың, сол сияқты көрсетілетін қызметтердің импорт алмасуын ынталандыратынын атап өтті. ҚР Ұлттық банк басшысының болжамы бойынша, бұл жағдайдың елдің төлем балансындағы ахуалды біртіндеп реттеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Данияр Ақышев теңгенің еркін бағамы саясаты елдің алтын валюта резервтерін сақтап қана қоймай, оларды біртіндеп қалпына келтіру процесін бастауға мүмкіндік бергенін ерекше атап өтті. Ресми деректер бойынша, Ұлттық Банктің алтын валюта резервтері тамыздың соңында 30,7 миллиард доллар болды. "Жыл басынан бастап 2,8 миллард долларға өсу байқалды. Ал ұлттық қордың валюталық активтері 64,9 миллард долларды құрайды. Ел резервтерінің жалпы сомасы 95,5 миллиард долларға жеткен (жыл басында 91,4 миллиард доллар). 2016 жылы ҚР-да долларсызданудың белсенді процесі басталды. Біз 2016 жылы долларсызданудың белсенді процесі басталғанын көріп отырмыз. Жыл басынан бері теңгемен салынған депозиттер 49 пайызға немесе 2,4 триллион теңгеге өсті, ал шетел валютасымен депозиттері 4,5 пайызға немесе 500 миллиард теңгеге қысқарды", - деді Ақышев.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course down  540.53  course down  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer