Алматыда М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының жоғалып кеткен студенті Алиясылов Әлішер жол апатынан қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
Алматыда М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының жоғалып кеткен студенті Алиясылов Әлішер жол апатынан қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 28 қыркүйекте сағат 22.30-да Райымбек даңғылы мен Полежаев көшесінің қиылысында болған. Айта кетейік, студент осы маңда тұрып жатқан. "Соған қарағанда, ол үйіне қайтып келе жатып, рұқсат етілмеген тұста жолдан өтпек болған, бірақ мұны тергеу анықтайды. Жолдан өтіп бара жатқан кезінде оны көлік қағып кеткен. Ол аураханаға жеткізіліп, кейін қаза тапты. Ешқандай құжаты болмаған. Сол уақытта анасы 29 қыркүйекте оның жоғалғаны жайлы арыз жазды, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, осыдан кейін ғана Әлішер Алиясыловтың жол апатынан қаза болғаны анықталды", - деді Салтанат Әзірбек.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тергеу басталған. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Еске салайық, Алматыда ҚазККА-ның жоғалып кеткен студентінің өлігі табылғаны жайлы 2 қазанда хабарланған болатын. Бұл туралы қаза тапқан жігіттің топтастарының бірі айтқан. Студентті туыстары мен достары таныған. Әзірше оқиғаның мән-жайы белгісіз. Жігіттің жоғалғаны жайында хабарландырулар көшелерге таяуда ғана іліне бастаған. "1999 жылдың 19 мамырында туған Алиясилов Әлішер із-түссіз жоғалып кетті. 28 қыркүйекте үйінен шығып кетіп, оралмаған. Соңғы рет оны жоғалған күні көргендер бар. Әлішер колледжден шығып, үйіне жетпеген. Әлеуметтік желілерде белсенді емес. Қара свитер, қара водолазка, көк джинс, қара аяқ киім киген. Ешқандай ауытқушылығы немесе ауруы болмаған", - делінген еді хабарландыру қағазында.