12 қазан 2016 | 11:18

ШҚО-да Айым Ұлтомбаеваны өлтірген адам 25 жылға сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Айым Ұлтомбаева. © yk-news.kz Айым Ұлтомбаева. © yk-news.kz

ШҚО-да Айым Ұлтомбаеваны өлтірген адам 25 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-да Айым Ұлтомбаеваны өлтірген адам 25 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерді 25 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Ол қылмысын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.

Сөйтсе, оны өлтірген адам 24 жастағы көршісі болып шығыпты. "Тергеу кезінде барлығын мойындады және қызымды қалай өлтіргенін айтып берді, ал сотта өз сөзіне қарсы шығып, соңғы сөзінде кінәлі емеспін деп қойып қалды. Ешқандай да өкінгенін көре алмадым", - дейді қаза болған оқушы қыздың анасы Зімхан Ибраимова. 

Анасы соттың осындай жаза бергеніне көңілі толатынын айтып отыр. "Тергеу өте қиын болды, ол тіпті із қалдырмапты, екі мәрте мәйітті қайта шығарып, қайта көмді", - дейді анасы. - "ІІД тергеушілеріне осы жұмысы үшін алғыс айтамын".

24 жастағы қылмыскер кісі өлтіргенімен қатар, Шарда және Семейде зорлау және зорлауға оқталу әрекеттері үшін сотталды.  

"Ол осы іс бойынша басқа жәбірленушілерге өлтіремін деп қорқытты. Түрмеден шығып, олардың үйін өртеп жіберемін деп қорқытты. Енді мен ол апелляция беріп, мерзімін азайтып ала ма деп қорқып отырмын", - деді қыздың анасы. 

Сот жабық тәртіпте өтті. Ал соттың үкімі әзірше заңды күшіне енбеді.

Еске салайық, 14 жастағы Айым Ұлтомбаева 2015 жылдың 12 қыркүйегінде жоғалған болатын. Туыстарының айтуынша, ол таңертең үйден шығып, қайтып оралмаған. Қызды сегіз ай бойы полицейлер, құтқарушылар және еріктілер іздеген. Іздеу жұмыстарына 500-ден аса адам қатысқан. Кейінірек полицейлер өлімнің себебін анықтай бастады. Оқушының мәйітін 12 мамырда кешкі уақытта өтіп бара жатқан адам тауып алған, ол қоқыс астында жатқан. Полицейлер қыздың өлімін растады. Кейін Айым Ұлтомбаеваның анасы қызын кімнің өлтіргенін айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer