Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Өлі күйінде табылған Айым Ұлтомбаеваның анасы қызын кімнің өлтіргенін айтты

14 Мамыр 2016, 09:49
1
Айым Ұлтомбаева (оң жағында). © "ВКонтакте"
Айым Ұлтомбаева (оң жағында). © "ВКонтакте"

Шар маңынан өлі табылған 14 жастағы Айым Ұлтомбаеваның анасы YK-news.kz тілшілеріне қызын көршісінің өлтіргенін растады.

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушысы Лаура Ибрайымова қыздың өліміне күдікті ретінде көршісінің ұсталғанын хабарлаған еді. Осыған байланысты басылым тілшілері қыздың анасымен хабарласты, ол бұл ақпаратты растады.

"Біз осы адамнан күмәнданып отырмыз. Ол біздің көрші. Айым ешқашан онымен сөйлескен емес. Ол туралы не айта алам? Ол жәй ғана маньяк. Оның бірнеше рет қылмыс жасағанын білемін", - деді Зимхан Ибрайымова.


Оқушының анасы Зимхан Ибрайымова. © ktk.kz

Айымның туыстары күдіктімен кездескен жоқ, бірақ ол кісі өліміне барғанын мойындаған. Қыздың жақындары енді оның өмір бойына сотталуын сұрап отыр.

Айта кетейік, осы іс бойынша ұсталған ер адамның басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталған еді. Полицейлер тергеу құпияларына сәйкес оның қалай ұсталғаны туралы ақпаратты жариялаған жоқ.

8 сынып оқушысы Айым ағасымен және анасымен бірге тұрып жатқан. 12 қыркүйекте анасы вахталық жұмыста болыпты, ағасы таңда тұрып, Айымды үйден таппайды. Ал есік ашық болған, ұялы телефоны мен киімдері үйде қалған. Қыздың мәйіті 8 ай өткеннен кейін Шар маңынан табылды.


Айым Ұлтомбаева. © Yk-news.kz


Қыз 2015 жылдың қыркүйегінде жоғалып кетті. © ktk.kz


© "ВКонтакте"


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай