13 қазан 2016 | 14:26

Сенатор Сағынтаевтан мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс кестесі мәселесін шешуді сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© nbe.gov.ge © nbe.gov.ge

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дулат Куставлетов мемлекеттік басқармадағыларда заңдардың дұрыс жүзеге асырылмайтынына қатысты премьер-министрге сауалнама жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дулат Куставлетов мемлекеттік басқармадағыларда заңдардың дұрыс жүзеге асырылмайтынына қатысты премьер-министрге сауалнама жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Уәкілетті органдардың тарапынан заңдардың жүзеге асырылуына қатысты бақылаудың дұрыс жүргізілмеуінен, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы жекелеген басшылардың айтылған сынды дұрыс түсінбеуінен осындай жағдайлар туындап отыр", - деп бастады сөзін сенатор Дулат Куставлетов. 

Сонымен қатар, сенатор мемлекеттік органдардағы көптеген заңбұзушылықтарға қажетті мән берілмей, ешбір шаралар қолданылмай жатқанын айтты.

"Осыған олардың өздері кінәлі. Себебі мұндай заң бұзушылықтар азаматтарға қалыпты жағдай болып кетті. Ал заңдар тек қағазда көрсетілген декларация сияқты. Еңбек кодексінде нақты жұмыс кестесі бекітілген және еңбек заңнамасын бұзған жұмыс берушілердің қызмет уақытынан тыс, мереке күндері немесе демалыс күндері, түнгі уақытта жұмыс атқарғандарға өтелетін қаражат та қарастырылған. Осы заң бұзушылықтар көптеп кездесіп отыр. Ал уәкілетті органдағылар бұл мәселеге үндемей қарап отыр. Онымен қоса өздері осы ережелерді бұзады", - деді сенатор.

"Білім және ғылым министрлігіндегілер мемлекеттік қызметкерлерді балаларына бару үшін жұмыстан ерте босату туралы айтқан болатын. Себебі ата-аналар үнемі жұмыста болатындықтан олардың балаларын тәрбиелеуге уақыты қалмайды", - деп атап өтті Дулат Куставлетов.

"Былтыр мен ішкі істер министріне қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп мәселесіне қатысты депутаттық сауалнама жіберген болатынмын. Содан ІІМ өкілдерінің берген жауабынан мен тек статистикалық мәліметтерді көре алдым. Бірақ мен оған дәлелдер көрсетілген деректерді келтіре отырып, нақты сауалдар қойған едім", - деді сенатор.

Оның айтуынша, ІІМ өкілдері берген жауаптан кейін депутат көрсеткен дәлелдерін не растай алмаған не теріске шығара алмаған.

Осылайша сенатор ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтан осы мәселені шешуді сұрады.

"Премьер-министрдің кеңсе бөлімдегілері уәкілетті орган өкілдерімен біріге отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді бақыласын. Экономика, заң, ішкі істер органдары, ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер осыған дейін келген сауалнамаларды қайта қарап, қажетті жауаптар мен материалдарды дайындасын", - деп қорытындылады сөзін сенатор.

Айта кетейік, осыған дейін БҒМ министрі мемлекеттік қызметкерлерді балаларына бару үшін жұмыстан ертерек жіберуді ұсынған болатын. Кейінірек Тамара Дүйсенова да ата-аналарды балаларына жұмыстан ерте босату туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. "Жалпы Еңбек кодексінде жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі балалары бар аналарға жеңілдіктер бар, олар келісімшартқа байланысты түскі үзілісте ұзағырақ уақыт ала алады. Себебі олар баласын тамақтандыруы тиіс. (...) Еңбек кодексінде барлығы жазылған, барлығы сол міндеттерді орындауы тиіс. 8 сағаттық жұмыс күні барлық жақта жазылған ғой", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer