Қашағанда 2017 жылы 7 миллион тоннаға дейін мұнай өндіріледі - Энергетика министрлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қашағанда 2017 жылы 7 миллион тоннаға дейін мұнай өндіріледі - Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі Қашағанда 2017 жылы 7 миллион тоннаға дейін мұнай өндірілетінін болжап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 


Энергетика министрлігі "Қашаған" кен орнынан 2017 жылы 4-тен 7 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді көздейді. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев кезекті отырыстан кейін ҚР Парламенті Сенатының кулуарында хабарлады.

"Біз келесі жылы Қашағанда мұнайды 4-тен 7 миллион тоннаға дейін өндіруді жоспарлап отырмыз. Бұның бәрі ұңғымаларға және қондырғылардың қалай жұмыс істейтіндігіне байланысты", - деді Қанат Бозымбаев.
Жалпы, министрдің болжамынша, 2016 жылдың соңына дейін Қашаған 1 миллион тонна өндіруді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, "Қашаған" кен орны соңғы 40 жылда табылған әлемдегі ең ірі мұнай кен орны болып табылады, оның мұнай қоры шамамен 9-13 миллиард баррель болады.

"Қашаған" кен орнын игеру бірнеше кезең бойынша іске асырылады. Қазіргі таңда "Тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлеме бағдарламасы" аталатын бірінші кезеңді жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кен орнын игерудің ТӨӘ-ден кейінгі келесі кезеңдері жоспарлау сатысында тұр.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +30
Ақтау +30
Ақтөбе +30
Атырау +25
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +29
П
Павлодар +31
Петропавл +28
С
Семей +31
Т
Талдықорған +34
Тараз +38
Түркістан +28
О
Орал +30
Ө
Өскемен +38
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер