Қазақстан 25 жыл ішінде этникаралық қарым-қатынас саласында 180-нен астам құжатты ратификациялады - Мемхатшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан 25 жыл ішінде этникаралық қарым-қатынас саласында 180-нен астам құжатты ратификациялады - Мемхатшы © egemen.kz

Қазақстан Тәуелсіздік жылдары этникаралық қарым-қатынас саласында 180-нен астам құжатты ратификациялады, - деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова "Н.Назарбаевтың моделі: келісім мен бейбітшіліктің 25 жылы" ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумында. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
 
"1995 жылдың  1 наурызында Ұлт көшбасшысының бастамасымен құрылған  ҚХА институты қазақстандық келісім мен бейбітшілікте негізгі рөлге ие. ҚХА-ның тиімді жұмысының нәтижесінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі қалыптасты", - деді Мемхатшы.


Ол айтып өткендей, ҚР Конституциясында барлық азаматтардың құқығын теңестіретін 11 норма бар.

"Біздің ел Тәуелсіздік жылдары этникаралық қарым-қатынас саласында 180-нен астам құжатты ратификациялады. ҚХА төрағасы Президент - ҚР Конституциясының кепілгері. Парламентте этностардың кепілдендірілген төрағалығын  ҚХА атынан  9 Мәжіліс депутаты атқарады. Мемлекет этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрін дамытуға қолдау көрсетеді. Бірлік пен даму  негізі ретінде "Мәңгілік ел" жалпыұлттық патриоттық идеясы құрылды. Қазіргі заман кезеңінде Ассамблеяның  инфрақұрылымы дамып жатыр", - деді Г.Әбдіқалова. 

Мемхатшының айтуынша, ҚХА -  көпдеңгейлі  кадрлық корпус пен әлеуметтік лифт, ол арқылы білікті мамандар қоғам өмірінің кез келген саласында жұмыс істей алады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +29
Ақтау +29
Ақтөбе +31
Атырау +25
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +29
П
Павлодар +31
Петропавл +29
С
Семей +31
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +27
О
Орал +30
Ө
Өскемен +36
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер