Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жегінің билеттері қашаннан бастап сатылымға шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


2017 жылдың 18 наурызында өтетін кездесудің билеттері 24 желтоқсаннан бастап сатылымға шығады. Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бір орынның бағасы - 100 доллар. Ал ең қымбат билеттердің бағасы 1 000 долларға дейін жетеді екен. Қазақстандық боксшының жекпе-жегіне билеттерді Madison Square Garden кассаларында немесе Интернет арқылы сатып алуға болады.

Айта кетейік, Головкин - Джейкобс жекпе-жегін HBO телеарнасы (ақылы түрде) көрсетеді. Көрермен кездесуді телеарнадан көру үшін 54,95 доллар төлеуі керек.

Головкин Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында канадалық қарсыласы Давид Лемьемен 2015 жылдың қазан айында жекпе-жек өткізген болатын.

Читайте также

Валюта бағамы

 470.74   537.75   6.17 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +21
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +19
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +21
П
Павлодар +21
Петропавл +20
С
Семей +22
Т
Талдықорған +21
Тараз +27
Түркістан +17
О
Орал +20
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер