Алматыда ірі сауда үйінде өрт шығып, 70 адам қауіпсіз жерге шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ірі сауда үйінде өрт шығып, 70 адам қауіпсіз жерге шығарылды © Tengrinews.kz

"Жанна" сауда үйінде өрт болып, 70 адам қауіпсіз жерге шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап. Өрт туралы 11 қаңтар,  сағат 16:40-та белгілі болды. 


ТЖД пультіне Алмалы ауданы, Абай даңғылында орналасқан "Жанна" сауда үйіне қарасты жеке тұрған ғимаратының жертөлесі түтіндеп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. "Шақырту түскен орынға алғашқы бөлімше 16:52-де жетті. Өрт сөндірушілер тыныс алу мүшелерін қорғауға арналған аппарат қолдана отырып, ғимаратта адам барын тексеріп шықты. 70 қауіпсіз жерге шығарлды. Сонымен қатар, өрт ошағын анықтау жұмысы жүргізілді", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

17:05-те өрт ауыздықталып, 17:14-те толықтай өшірілді. "Өрт аумағы үш шаршы метр болды және кеңсе техникасы тұтанған. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге 45 адам, 4 негізгі және 13 арнайы техника тартылды", - деп нақтылады баспасөз қызметінің өкілдері. 

Читайте также

Валюта бағамы

 471.04   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +30
Ақтау +31
Ақтөбе +34
Атырау +29
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +31
П
Павлодар +31
Петропавл +31
С
Семей +34
Т
Талдықорған +34
Тараз +38
Түркістан +28
О
Орал +31
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер