Ресми: Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресми: Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды Қанат Ислам. © Instagram

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (22-0, 18 КО) келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Боксшы 17 ақпанда Рой Джонстың Нью-Джерси штатындағы Нью парк қаласында өтетін бокс кешінің андеркартында жекпе-жекке шығады. Бұл туралы NelsonsPromotion промоутерлік компаниясының Қазақстандағы өкілі Нұрғазы Ысмағамбетов мәлімдеді.


"Жекпе-жек 10 раундқа созылады. Бұл титулды қорғау кездесуі емес. Қанат титулын Қазақстанда қорғайды. Ал қарсыласы жайлы таяуда хабарлаймыз. Қанат Ислам қазіргі уақытта штаттарда, Нельсон Лопездің жетекшілігімен жаттығу жасап жатыр", - деді Ысмағамбетов.

Айта кетейік, 32 жастағы қазақстандық соңғы жекпе-жегінде ганалық Патрик Аллотейді жеңген болатын. Кездесу Алматыда 29 қазанда өткен еді. 

Еске салайық, кеше Fightnews.com басылымы Альварес - Ислам жекпе-жегі өтуі мүмкін деген қауесеттің тарағанын хабарлаған. Сол қауесетке сенсек, Альварес - Ислам жекпе-жек 6 мамырда өтеді делінеді. Осыдан кейін ресейлік белгілі комментатор Григорий Стангрит мамыр айында мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Қанат Исламмен жекпе-жек өткізуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірген еді. "Неліктен өтуі мүмкін емес? Мұндай жекпе-жекте бәрі де болуы мүмкін. Бірақ, әрине, күте тұрған абзал. Бұл Чавестің (Хулио Сезар Чавес - мексикалық боксшы) командасының Альвареске түсіріп отырған қысымы да шығар", - деп атап өтті Стангрит.

Читайте также

Валюта бағамы

 471.04   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +30
Ақтау +31
Ақтөбе +34
Атырау +29
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +31
П
Павлодар +31
Петропавл +31
С
Семей +34
Т
Талдықорған +34
Тараз +38
Түркістан +28
О
Орал +31
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер