Бішкектегі әуе апатынан аман қалған ұшқыш ауруханаға барар жолда қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкектегі әуе апатынан аман қалған ұшқыш ауруханаға барар жолда қайтыс болды

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігіндегілер Бішкектегі әуе апатынан аман қалған ұшқыштың ауруханаға барар жолда қайтыс болғанын хабарлады, - деп жазады L!FЕ. Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болған ұшқыш Түркияның азаматы болған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, әуе апатынан қаза болғандардың саны 33 адамнан асқан. Оқиға орнына елдің премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков және денсаулық сақтау министрі Талантбек Батыралиев келген.

Еске салайық, оқиға "Манас" әуежайында 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 07.30-да болған. Апатқа ұшыраған жүк ұшағының Turkish Airlines әуе компаниясының иелігінде екені анықталып отыр. Ал кейінірек Бішкек түбінде құлаған ұшақтан кем дегенде 16 адамның қаза тапқаны хабарланды. Агенттік Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, қазіргі уақытта құтқарушылардың пилоттың және 15 жергілікті тұрғынның денесін тапқанын хабарлаған еді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course down  588.2  course down  6.46  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети