Бішкек түбінде құлаған Boeing: Кем дегенде 16 адам қаза тапты

16 Қаңтар 2017, 09:26
0
© РИА Новости. Влад Ушаков
© РИА Новости. Влад Ушаков

Бішкек түбінде апатқа ұшыраған жүк тасымалдайтын Boeing апатынан кем дегенде 16 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости ел үкіметінің өкілдерінен мәлімет алған Рейтерге сілтеме жасап.

Қырғыз билігінің мәліметінше, "кем дегенде 16 адам жүк тасымалдайтын ұшақ апатынан қаза тапты".

Агенттік  Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, қазіргі уақытта құтқарушылардың пилоттың және 15 жергілікті тұрғынның денесін тапқанын хабарлап отыр.  

Сондай-ақ, апатқа ұшыраған жүк ұшағының Turkish Airlines әуе компаниясының иелігінде екені анықталып отыр.

Еске салайық, оқиға "Манас" әуежайында 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 07.30-да болған. 

Ал РЕН.ТВ оқиға болған жерден видео жариялады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай