Назарбаевтан сын естіген "СК-Фармация" басшысы отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаевтан сын естіген "СК-Фармация" басшысы отставкаға кетті

"СК-Фармация" жетекшісі отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысының барысында мәлімдеді.


"Елжан Амантайұлы, Мемлекет басшысы алдыңызға міндеттер қойды. Бірінші кезекте ұзақмерзім негізінде отандық өндірушілерден дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді сатып алуды өсіру бойынша нақты шешім қабылдау. Сатып алу процедурасының ашықтығын қамтамасыз ету. Айтпақшы, кадр мәселелері бойынша Президенттің тапсырмасын орындадыңыздар ма?", - деп сұрақ қойды Қазақстан премьер-министрі Бағытжан Сағынтаев денсаулық сақтау министріне.

"Жалпы алғанда, шешім қабылданып қойды, процедуралық келісімдер қалды", - деп жауап берді Елжан Біртанов.

"Нақты қандай шешім қабылданды?", - деп сұрақ қойды премьер.

"СК-Фармация" бірінші жетекшісінен өтініш қабылданды, "СК-Фармация" жетекшісі қызметінен шеттетілді", - деп жауап қатты министр.

Айта кетейік, "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып 2015 жылдың 16 қыркүйегінде Нұржан Әлібаев тағайындалған еді.

Еске салайық, 3 ақпанда Президенттің қатысуымен өткен үкімет отырысы барысында 2016 жылдың қорытындысы шығарылып, 2017 жылға үкіметтің жұмыс жоспары анықталған, сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берілген. 

Нақтырақ айтқанда, Президент денсаулық сақтау министріне медицинадағы тәртіпсіздіктерді жоюды, "СК-Фармация компаниясының қызметкерлерін қуып шығу және жаңа құрам алуды тапсырған болатын. Орындарынан қозлғата алмайтын адамдар отыр", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +19
Ақтау +28
Ақтөбе +23
Атырау +26
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +20
П
Павлодар +20
Петропавл +20
С
Семей +20
Т
Талдықорған +24
Тараз +25
Түркістан +20
О
Орал +16
Ө
Өскемен +21
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер