Қазақстанда қанша шетелдік тұрып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қанша шетелдік тұрып жатыр? © pravmir.ru

Қазақстанда 197 мыңнан аса шетел азаматы тұрып жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Tengrinews.kz редакциясы жолдаған сауалға берген жауабында айтылады. Ведомстводағылар 2017 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сүйене отырып, Қазақстанда 197 059 шетелдіктің және 6 706 адамның азаматтығы жоқ екенін, сондай-ақ, елімізде 628 босқынның (142 отбасы) жүргенін айтты.


ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстанға 2016 жылы 4 миллион 729 мың 450 шетелдік келген.

Ал ішкі істер органдарында 725 миллион 890 мың шетелдіктің тіркелгені белгілі болды. Олардың 1 415 440 - жеке жұмыстармен келгендер, 53 789-ы - қызметі бойынша жіберілгендер, 224 779-ы - жұмыс істеуге келгендер, 12 613-і - туристер ретінде, 15 658-і - оқуға келгендер, 614-і - миссионерлер.

Қазақстанға келген шетелдіктердің басым бөлігі Өзбекстан азаматтары (1 059 210 адам) екені белгілі болды. Сондай-ақ, Ресейден 157 227 адамның, Қытай Халық Республикасынан 100 981 адамның, Түркиядан 51 532 адамның және Тәжікстаннан 48 607 адамның келгені белгілі болды.

Сонымен қатар, елімізге келген шетелдіктердің 113 261-нің әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 12 167 шетелдіктің елден шығарылғаны анықталды.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +27
Ақтау +30
Ақтөбе +27
Атырау +32
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +32
П
Павлодар +22
Петропавл +32
С
Семей +27
Т
Талдықорған +26
Тараз +29
Түркістан +30
О
Орал +28
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер