Мен тез арада Головкинмен екінші жекпе-жек өткізгім келеді - Джейкобс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мен тез арада Головкинмен екінші жекпе-жек өткізгім келеді - Джейкобс

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) тез арада екінші жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Олардың бірінші кездесу 19 наурыз күні, Нью-Йорктегі Madison Square Garden спорт кешенінде өтіп, төрешілердің шешімі бойынша Головкин ұпай айырмасымен жеңген болатын. Бірақ жекпе-жектен кейін Джейкобс өзінің жеңісіне сенімді болғанын айтты.

"Мен тез арада Головкинмен екінші жекпе-жек өткізгім келеді. Бірақ мен шамалы күту керек екенін білемін. Өйткені, алдағы уақытта Головкиннің жоспарлары бар. Ал менің жанкүйерлерім маған қарсылас ретінде кімді көргісі келеді?", - деп жазба қалдырды боксшы өзінің твиттер парақшасында.

Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс командалары арасындағы жасалған келісімшартта екінші жекпе-жек деген мәселе қарастырылмаған. Дегенмен жекпе-жектен кейін Головкин америкалық боксшымен екінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан еді.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +15
Астана +15
Ақтау +22
Ақтөбе +18
Атырау +23
Б
Балқаш +16
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +19
Қызылорда +19
П
Павлодар +16
Петропавл +18
С
Семей +15
Т
Талдықорған +21
Тараз +22
Түркістан +18
О
Орал +17
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +19

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер