Massaget мобильді қосымшасы іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Massaget мобильді қосымшасы іске қосылды © Massaget.kz

Massaget.kz редакциясы көптен күткен мобильді қосымшасын іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Massaget.kz редакциясы көптен күткен мобильді қосымшасын іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Расында бұл қосымшаны бәріміз көп күттік. Оқырмандарымызға сайттың 6 жылдығы қарсаңында жақсы бір сыйлық болды деп ойлаймыз. Себебі, соңғы бір жылда осы өтінішпен редакцияға көптеген хат келіп түсті", - дейді редакция өкілдері.

Айтуларынша, мобильді қосымша тек Android операциялық жүйесіне арнап жасалған. 

"Әзірше тек Android-та жасауымыздың себебі елімізде жыл басында смартфон қолданушыларының 73,16 пайызы Android-ты пайдаланса, 23,53 пайызы IOS-ты тұтынған. Ал Google Analytics платформасына сенсек, порталымызға смартфон арқылы кіретін оқырмандардың Android-ты пайдаланатындары 84,83 пайызды құрайды екен. Ал 15,17 пайызы IOS жүйесін пайдаланады. Осы үлес салмақты есепке алып, бірінші кезекте Android-та іске қосуды жөн санадық. Бірақ, болашақта Apple қолданушыларын да қуантамыз", - деп түсіндірді бұл таңдауын редакциядағылар.

Қосымшаны Play Market (Google Play) қолданбалар дүкенінде оңай орнатуға болады екен. Немесе мына сілтемеге өту арқылы жүктеуге болады.

Сондай-ақ, редакция өкілдері мобильді қосымшаға байланысты сұрақтар не ұсыныстары болса, хат жолдауға болатынын айтады.

"Алдағы уақытта талап-тілектеріңізді ескеріп, мобильді қосымшаны жаңартып отырамыз. Сіздердің ойларыңыз біз үшін аса маңызды!", - деді редакция ұжымы.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +33
Астана +30
Ақтау +22
Ақтөбе +18
Атырау +26
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +32
П
Павлодар +26
Петропавл +35
С
Семей +32
Т
Талдықорған +36
Тараз +38
Түркістан +17
О
Орал +32
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер