![© РИА Новости](/userdata/news_kk/2018/news_286287/thumb_b/photo_44012.jpg)
КХДР басшысы Ким Чен Ын қанша санкция салынса да, елдің еш қиналмайтынын айтады, - деп хабарлайды gazeta.ru Кореяның Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап.
КХДР басшысы Ким Чен Ын қанша санкция салынса да, елдің еш қиналмайтынын айтады, - деп хабарлайды gazeta.ru Кореяның Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап.
"Бізде өз экономикамыздың негізі бар, ғылыми-техникалық әлеуетіміз мықты және дарынды адамдар да баршылық. Сондықтан бізде еш қиындық туындамайды, жауларымыз мейлі 10, тіпті 100 жылға санкция салса да", - дейді Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның ғылым академиясы қызметкерлерімен кездесу барысында.
Мұның алдында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясы аясында Еуропалық одақ Солтүстік Кореяға қарсы санкцияға рұқсат берген еді.