Еліміздің үш облысында және Алматыда арнайы операция кезінде 29 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің үш облысында және Алматыда арнайы операция кезінде 29 адам ұсталды Иллюстратциялық сурет: © РИА Новости

Еліміздің үш облысында және Алматыда арнайы операция кезінде 29 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Еліміздің үш облысында және Алматыда арнайы операция кезінде 29 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Биыл 15-16 ақпанда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының координациясымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері кеденмаңы саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейту және еліміздің шекарасында контрабандалық әрекеттерді жою үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ірі масштабты арнайы операциялар жүргізді", - делінген хабарламада. 

Арнайы операция барысында 29 күдікті ұсталды, оның 16-сы Алматы, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында, ал қалған 13-і Оңтүстік Қазақстан облысында.  

"Ұсталғандар арасында кеден қызметінің және құқық қорғау органдарының шенді қызметкерлері, брокерлер, делдал, қылмыс әлемінің өкілдері, сондай-ақ Қырғыстан Республикасының екі азаматы бар. Жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деді Бас Прокуратура өкілдері. 

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +30
Ақтау +20
Ақтөбе +16
Атырау +22
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +31
П
Павлодар +23
Петропавл +32
С
Семей +30
Т
Талдықорған +34
Тараз +35
Түркістан +17
О
Орал +29
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер