Дәрігерлер Алматыда көлік қағып кеткен балалардың жағдайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Алматыда көлік қағып кеткен балалардың жағдайын айтып берді

Балалар шұғыл медициналық көмек орталығындағылар Шаляпин мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында көлік қағып кеткен балалардың жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балалар шұғыл медициналық көмек орталығындағылар Шаляпин мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында көлік қағып кеткен балалардың жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жол апатынан зардап шеккен екі бала түсті. Бірі сегізде, екіншісі тоғызда. Түскен кезде екеуінің жағдайы өте ауыр болды. Екеуінің де ми ми жарақаты болды. Сондай-ақ, жамбас сүйектері сынған. Біреуне жамбас сүйегіне иілгіш  спиц, өзекше енгізу жолымен ота жасалды. Ол жалпы палатаға ауыстырылды. Қазір бала есін жиған. Екінші бала әлі ауыр жағдайда", - деді орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхамед Рузуддинов.

Еске салайық, Желіде Алматыда жүргізушінің Шаляпин мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында екі баланы қағып кеткені түсірілген видео таралған еді. Оқиға 31 шілдеде Әуезов ауданында болған. Toyota Camry жүргізушісі Шаляпин көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. 1994 жылғы жүргізуші Шаляпин мен Өтеген батыр көшелерінің қилысында жанармай құю бекетіне қарама-қарсы жерде 2011 және 2009 жылғы балаларды қағып кеткен. 

Мұнымен қатар, алған жарақаттары орташа немесе ауыр болса, сотқа дейінгі тергеу басталатыны айтылған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.11  course up  594.59  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети