Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Назарбаев даңғылында бірнеше көлікті қиратып кеткен жүргізушінің жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жағдай қалалық әкімдіктің ғимараты маңында болған еді.

Дәрігерлердің айтуынша, жүргізуші өзін жайсыз сезінген.
"Жүргізушіге көмек көрсетілді. Алдын-ала қойылған диагноз - өзін жайсыз сезінген. Ол ауруханаға жатудан бас тартты, бірақ амбулаторлық ем алуға жіберілді", - деп хабарлады Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы әкімдігінің маңында жүк көлігінің 7 автомобильді қиратып кеткені хабарланған болатын. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, қиратылған көліктердің ішінде ешкім болмаған.