17 тамыз 2018 | 15:59

Қостанайда 11 жастағы қызды тұншықтырып өлтірген ресейлікке үкім шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ng.kz ©ng.kz

Қостанай облысында 11 жастағы қызды тұншықтырып өлтірген Ресей Федерациясының азаматына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап. 


Қостанай облысында 11 жастағы қызды тұншықтырып өлтірген Ресей Федерациясының азаматына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап. 

"2018 жылдың 17 тамызында Қостанай облысы қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Чехов П. ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 3, 14-тармақтарына сәйкес сотталған. Ол сот үкімі бойынша 19 жыл бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

2016 жылдың қыркүйек айында ер адам Ресейде өз әйелі мен ұлын қалдырып, туған жері Қарасу ауылына келуді ұйғарған. 

"2018 жылдың 20 мамыр айында күдікті Чехов өзінің бұрынғы танысымен оның туған күнін атап өтуге үйіне барып, түні бойы спирттік сусындарын ішкен. Ертесі күні әйел Қостанайға бірнеше күнге кетуге мәжбүр болып өзінің құрбысын 2007 жылы туған қызы мен үйіне қарауды сұраған. Алайда құрбысының келуін күтпей, ал азамат Чеховті үйінен шығармай кетіп қалған. 21 мамырда түңгі сағат 00:00-де күдікті алкогольді күйде оянып, жыныстық құмарлығын қанағаттандыру мақсатында, сүйгені басқа бөлмеде екен деп, 11 жастағы қыздың төсегіне отырып, қызға тиісе бастаған. Шошып оянған қыз айғалай бастаған. Кейін ер адам қасақана қыз айғайлай алмауы үшін, тұншықтырған", - делінген Қостанай облысы қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қылмыс жасағаннан кейін ол қыздың денесін далаға апарып тастаған. 

Сот шешімі әлі заңды күшіне еңген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети