"Bank RBK" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен Ғабит Миразов басқарма құрамынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Bank RBK" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен Ғабит Миразов басқарма құрамынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл 10 тамызда болған. Миразов басқарма төрағасының орынбасары болған.
Алматының бұрынғы прокуроры Ғабит Миразов "Bank RBK" акционерлік қоғамына 2018 жылы мамыр айының соңында жұмысқа тұрған.
"Bank RBK басқару жүйесіндегі өзгерістерге байланысты Ғабит Миразов атқарушы директор болып тағайындалды. Ол банкте қызмет ете береді және жаңа лауазымында да бұрынғыдай, қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік етеді", - деді банктің баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін Ғабит Миразов Алматының прокуроры болған еді.