19 тамыз 2018 15:20

Найзағай, бұршақ және дауыл болады - синоптиктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Синоптиктер 20 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.


Синоптиктер 20 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбі, 20 тамызда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, дауыл, бұршақ, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.

"Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар, Қарағанды облыстарында да найзағай, жел, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қызылорда облысында найзағай, дауыл күтіледі, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысында күндіз найзағай, дауыл, жел күтіледі. Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел, күндіз найзағай және дауыл күтіледі. Түнде Атырау облысында жел, Маңғыстау облысында түнде найзағай ойнайды.

Алматы облысында қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети