Қазақстандық спортшы жазғы биатлоннан әлем чемпионатында қола жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық спортшы жазғы биатлоннан әлем чемпионатында қола жеңіп алды © instagram biathlon_kaz

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская чехиялық Нове-Местода жазғы биатлоннан өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская чехиялық Нове-Местода жазғы биатлоннан өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Vesti.kz.

7,5 шақырымдық жарыста бірінші болып словакиялық Паулина Фиалкова келді (21:50.9), ол ату кезінде бір рет мүлт кеткен, екінші орында польшалық Моника Хойниш (+7.2), үшінші нәтиже Галина Вишневскаяда (+23.2), ол көздеуде қателік жіберген жоқ.

Айта кетейік, жазғы биатлоннан әлем чемпионаты 1996 жылдан бері өтіп келеді. Заманауи жарыста спортшылар тек шаңғыроллерлермен жарысады (2010 жылдан бастап), сонымен қатар, спринтте, қуу мен аралас эстафетада бақ сынасады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 512.07  course up  595.42  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети