29 тамыз 2018 | 12:49

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов ауруханаға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© olympic.kz © olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Қазақстан ҰОК ресми сайтында жазылған, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Қазақстан ҰОК ресми сайтында жазылған, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескерту санымен ұтылған болатын. Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті.

"Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгенге түсірді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар", - деп хабарлады дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева.

Айта кетейік, Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне де шыққан жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети