Көзі көрмейтіндерге қосымша ойлап тапқан алматылық Қытайдағы байқауда жеңімпаз атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көзі көрмейтіндерге қосымша ойлап тапқан алматылық Қытайдағы байқауда жеңімпаз атанды Видеодан алынған кадр

Алматылық 16 жастағы оқушы Қытайда өткен ғылыми-техникалық байқауда көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға арнап арнайы қосымша ойлап тауып, жеңіске жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Любовь Дудченконың айтуынша, қосымшаны пайдалану әдісі өте жеңіл. Оның көмегі арқылы жазылған әр мәтін аудио немесе Брайл қарпіне айналады екен. Әлем бойынша мұндай қосымшалар жетерлік, алайда Любаның бұл ғылыми жобасы қолдануға оңайлығымен ерекшеленеді. 

"Болашақта мен тек технологиямен айналысқым келеді. Технологиямен байланысты өзімнің стартап жобамды немесе жеке компаниямды ашармын", - дейді оқушы. 

Телеарнаның хабарлауынша, оқушының ойында көптеген идея мен дайын жоба бар екен. Қазір Любовь Дудченко телефонға арналған тағы бір қосымшаны іске қосып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 512.07  course up  595.42  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети